17:45, 03 Қараша 2025 | GMT +5
Маңғыстауда тағы да итбалық қырылып жатыр
АҚТАУ. KAZINFORM – Теңіз сүтқоректілерінің өлекселері Түпқараған ауданы Баутин ауылы аумағындағы теңіз жағасынан анықталған. Итбалықтарды байқап, құзырлы органдарға хабар берген тұрғынның айтуынша, жағалауда 6 өлексе жатыр. Оның екеуінің мойынына ау оралған.
Осы оқиға бойынша Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасы барлық құзырлы орган инспекторлары оқиға орнына кеткенін хабарлады.

— Мамандар алгаритм бойынша жұмыс істейді. Экология және гидробиология институтының қызметкерлері сол жерде, — делінген хабарламада.

Бұған дейін, биыл шілде айында Ақтауда теңіз жағалауынан итбалықтың өлексесі табылған болатын.
Ал, биыл мамыр айында Маңғыстауда теңіз жағалауынан 279 итбалықтың өлексесі табылды.