Маңғыстауда уланған оқушылардың саны 67-ге жетті
АҚТАУ. KAZINFORM - Аталған жағдайға байланысты құзырлы орган өкілдерімен бірлескен арнайы штаб құрылды.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенова ауруханаға барып, оқушылардың жағдайымен танысты. Балалардың денсаулығының жақсаруына қажетті барлық жағдай жасалуда. Ата-аналарға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы бірқалыпты.
Жағдайдың неден болғанын анықтау үшін, Маңғыстау облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Еске сала кетейік, Мунайлы ауданында №8 мектептің 21 оқушысы 6 қыркүйек күні кешкі мезгілден бастап, жедел жәрдем шақыра бастаған. Шағымдары: ішінің ауруы, дене қызуы көтерілуі. Бұған дейін Маңғыстауда алпысқа жуық оқушы астан уланғанын жазған едік.
Бүгінгі күні, сағат 17:05-тегі жағдай бойынша 67 бала медициналық көмекке жүгінді. 52 бала үй жағдайына бақылауда. 13-бала ауруханада ем қабылдап жатыр, - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.