Маңғыстауда жас жұбайлар дауыс беруге катермен келді
АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстауда референдум күні ерекше оқиға болды. Теңізде қыдырып жүрген жас жұбайлар референдум учаскесіне той көлегімен келіп, жұртты таңқалдырды.
Жас жұбайлар Каспий теңізінде өздерінің love story бейнебаянын түсіруге шыққан. Бірақ дәл осы күні ел тағдырына қатысты маңызды сәт — референдум өтіп жатқанын еске алған олар катердің бағытын өзгертіп, дауыс беруге келген.

Бұл көрініс учаскеге келген адамдардың назарын бірден аударған. Өйткені бұл жай ғана романтикалық сәт емес, азаматтық жауапкершіліктің ерекше белгісі болды.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, мұндай оқиғалар Маңғыстаулық жастардың қоғамдық процестерге бейжай қарамайтынын көрсетеді.

— Жаңа өмір бастаған жас жұбай үшін бүгін тек отбасылық тарихтағы ғана емес, ел тарихындағы да маңызды күн. Кейде азаматтық ұстаным үлкен сөздермен емес, осындай қарапайым әрекеттермен көрінеді, — делінген хабарламада.

Бұған дейін, Ақтауда референдум күні туған сәбиге Ата-Заң есімі қойылған болатын.