Маңғыстауда сот орындаушы жалған арыз жазып, борышкерге шетелге шығуға жағдай жасап берген

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстауда жеке сот орындаушының өкілеттігін теріс пайдаланғаны анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасы мәлім етті.

борыш
Фото: pexels.com

Прокуратура «А» есімді жеке сот орындаушының лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғанын анықтады. 

— Алимент өндіру жөніндегі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде «С»есімді борышкерге қатысты шекарадан шығуға шектеу қойылған. Алайда жеке сот өндіруші өндіріп алушының атынан жалған арыз жасақтап, көрсетілген шектеуді заңсыз түрде алып тастаған және бұл әрекеті үшін борышкерден ақшалай сыйақы алған. Нәтижесінде борышкер бір жыл бойы еш кедергісіз Біріккен Араб Әмірліктері мен Өзбекстан Республикасына шығып тұрған, — делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасымен ҚК 251-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өндіріп алушыға келтірілген шығынды толық өтеуіне байланысты сотпен қылмыстық іс ақтамайтын негізбен өндірістен тоқтатылған.

Осы тектес фактілердің және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында прокуратура органдары атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықтың жай-күйіне тұрақты түрде талдау жүргізіп, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 7 жыл бойы алимент төлемеген борышкердің бас бостандығы шектелгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар