Маңғыстауда жол апатынан аман қалған үш адамның денсаулық жағдайы белгілі болды
АҚТАУ. KAZINFORM – Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жол апатынан жарақат алған 3 жолаушы Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген.

-1964 жылы туған ер адам және 1967 жылғы әйел реанимация бөліміне жатқызылды, жағдайлары ауыр. Сонымен қатар, 1960 жылы туған әйел аурухананың травматология бөлімінде, жағдайы тұрақты, бірақ ауыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайын бақылап, тексеріп жатыр, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін 11-қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым жердегі автожолда жол апаты болып, 10 адам қаза тапты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Hiace» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Көліктің ішінде жолаушылар болған.