Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді

АҚТАУ. KAZINFORM – Қызғылт қоқиқаздардың әдемі кадрларын жергілікті тұрғын Нұркен Тәжібай жариялаған.

Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді
Фото: Видеодан скрин

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы мамандарының айтуынша, қоқиқаздардың көктемгі миграциясы басталды. Бүгінде шамамен 5 мың қоқиқаз келген. 

- Көктемгі миграция ақпаннан наурызға дейін жалғасады. Ал, күзгі миграция қыркүйек пен қазан айларында болады. Бүгін «Қаракөл» көлінде көктемгі санақ жұмыстары басталды. Қазіргі таңда 5 мыңдай қоқиқаз бар, - дейді Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ғылыми қызметкері Жасқайрат Нұрмұханбетов. 

Қоқиқаз «Қызыл кітапқа» енген жыл құсы. Олар «Қарақия» көлінде қонақтайды. Қанаттылар мұнда шамамен 15 күн болып, күш жинап, ары қарай тропикалық жылы аймақтарға ұшып кетеді. Бұл қоқиқаздардың жылдағы әрекеті. 

- Кейбір қоқиқаздар «Қаракөл» көлінде қыстап қалады. Миграция кезінде Қаракөлде құстардың алуан түрлілігі байқалады. 200 ден аса түрі кездеседі. Оның ішінде 20 дан астамы еліміздің қызыл кітабына енген құстар, - дейді Жасқайрат Нұрмұханбетов. 

Қазақстанда қоқиқаздың 2 түрі мекендейді. Олар Қорғалжын қорығындағы «Теңіз» көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирағы ұзын, сирек кездесетін құстарға қызығушылық көп. Сондықтан қорық қызметкерлері қоқиқаздар келгенде күн-түн демей жұмыс істейді. Ал, қоқиқазардың ақтаудағы «Қаракөлге» аялдауының себебі - көлдің суы жылы әрі, қоректік заттарға бай. Одан ары қарай олар Түрікменстан мен Иран елдеріне ұшып кетеді.

Бұған дейін, Сирек кездесетін жайт: Атыраудың маңына қоқиқаздар ұшып келгені туралы жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар