Маңғыстау-Астрахан пойызының жолсерігі баланы құтқарғаны үшін марапатталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Маңғыстау-Астрахан» бағытындағы жолаушылар пойызының жолсерігі Алтынай Рамбаева «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының шешімімен марапатқа ұсынылды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Оған марапатты кәсіби мерекеде - Көлік қызметкерлері күні қарсаңында табыстайды.

Еске салайық, 2017 жылдың 3 шілдесінде пойыз жолсерігі А. Рамбаева 9 айлық Фатиманың өмірін сақтап қалды. Оқиға жолда болған. Мақат станциясында купелердің бірінде баланың өліп қалғаны туралы хабарлайды. Алайда, жолсерік абыржымай, қызды қызметтік бөлмеге алып кіріп, алғашқы медициналық жәрдем көрсетеді. 40 минуттан кейін сәби есін жиып, дем алып, жылай бастайды.

«Бұл - нағыз ерлік әрекет. Баламызды құтқарып қалғаны үшін Алтынайға айтар алғысымыз шексіз, тіпті сезімімізді білдіретін сөз таба алмаймын. Біздің темір жолда осындай адамдар жұмыс істейтіні үшін өте қуаныштымын», - дейді сәбидің анасы Арайлым Жалиева.

А.Рамбаева Ташкент политехникалық институтын тәмамдаған, теміржол саласындағы еңбек өтілі 16 жылдан асады. Отбасында екі баланың анасы. 

null

Соңғы жаңалықтар