Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы ЖЭС-те энергоблок жөнделді

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының Жылу электр станциясындағы №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталып, сағат 5.51-де іске қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат серіктестіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: maek.kz

Жөндеу жұмыстары 4 шілдеде, энергоблок қазандығы біраз уақыт суытылып тұрған соң, сағат 21:50-де басталған. Жұмыс тәулік бойы MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді.

Мамандардың уақытында жедел іс-қимыл жасауының арқасында энергоблок жабдықтарына елеулі зақым келтірілмеді. Соның нәтижесінде, облыс орталығы мен өңірдегі елді мекендердің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеулер болған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 3 шілде сағат 17:31-де қазандыққа беріліп тұрған ток деңгейінің күрт өсуіне байланысты «МАЭК» ЖШС ЖЭС №1 энергоблогы мәжбүрлі түрде тоқтатылды.

Жөндеу жұмыстары арнайы жасақталған кесте бойынша жүргізіліп, жоспарланған мерзімінен бұрын аяқталды.

Комбинатта болған жағдайдың себебін анықтау үшін құрылған облыстық комиссия мүшелері кешенге барды.
Сондай-ақ, Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ақтауда болып, МАЭК-тегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысын тексерді.
Соңғы жаңалықтар