Маңғыстау Каспийде туризмді дамытуда түрік тәжірибесін пайдаланады - А. Айдарбаев

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтауда Бүкіләлемдік мұра қалаларының 7-ші халықаралық конференциясы қарсаңында құрамында Сафранболу қаласының әкімі Неждет Аксой мен оның зайыбы, Самсун қаласының әкімі Юсуф Зия Йылмаз, Түркі әлемінің муниципалитеттер одағының төрағасы Фахри Солақ және т.б. бар Түркия делегациясымен кездесу өтті.
None
None

Жүздесу барысында Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Қазақстан басқа елдердің шекаралас аудандарымен әлеуметтік-экономикалық және сауда қатынастарын белсенді дамытып жатқандығын айтты.

«Біз түрік кәсіпкерлері тарапынан инвестицияны ұлғайтуға мүдделіміз. Біздің өңір, жалпы Қазақстан Еуразияның көлік-логистикалық орталығына айналды. Облыста теңіз порты, сал өткелі инфрақұрылымы дамуда. Каспий теңізі мен ашылатын жаңа темір жол арқылы жүк тікелей Түркияға жеткізілетін болады. Біз қойма салу үшін еркін экономикалық аймағы аумағына жер беруге әзірміз, себебі өнім тек қана біздің өңірде ғана емес, Қазақстанның батысындағы өзге де аймақтарға сатылуы тиіс», деп атап өтті А. Айдаров.

Бұдан басқа, ол Маңғыстау облысының билігі туризм дамыту және табысты бизнес жүргізу үшін Каспий теңізі жағалауынан учаске беруге әзір екенін атап өтті.

Ал Түркия делегациясының өкілдері өз мүмкіндіктерімен бөлісіп, барлық саладағы өзара тиімді әріптестікті күшейтуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар