Маңғыстау мен Атыраудағы мемлекеттік қызметте жемқорлық көрсеткіші неге жоғары

"Аталған аймақтарда адамдардың мемлекеттік қызметтен жиі кетуі байқалады. Себебі жалақының мөлшері тым аз. Ал мұнай-газ саласында еңбекақының көлемі көп болғаннан кейін xалық мемлекеттік қызметке қатты қызықпайды. Барған күннің өзінде екіжақты жалақының айырмашылығын басқа жолдармен "теңестіруге" тырысады. Біріншіден, Маңғыстау мен Атырау облыстарында мемлекеттік қызметке деген xалықтың сенімі төмен болып тұр. Сосын біз сауалнама жүргізгенде, "Мемлекеттік қызметті алғаны үшін пара берген кезіңіз болды ма?" деп нақты сұрақ қойдық. Сонда адамдар анық жауап берді. Екіншіден, бүгінде республика бойынша жемқорлықтың көрсеткіші 3-4 пайыз болса, Маңғыстау мен Атырау облыстарында ол көрсеткіш 11 пайызға дейін жетеді", - деді орталық директоры Жанар Жандосова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. Оның айтуынша, осы аймақтарда мемлекеттік қызмет пен мұнай секторындағы жалақылардың әр түрлі болуы жемқорлыққа түрткі болып отыр.
Айта кеткен жөн, аталған сауалнама Мемлекеттік кірістер комитетінің Жұмыс сапасын анықтау мақсатында ұйымдастырылған болатын. Осы орайда "Сандж" зерттеу орталығының басшысы комитеттің өз жұмысын бағалау саласындағы қызметіне жоғары баға беріп отыр. Себебі дәл осы орган - қызмет сапасын бағалап отыратын жалғыз мемлекеттік мекеме. "Сосын прогресс те анық байқалып отыр. Өйткені комитет жыл сайын өзінің жұмыс сапасын тексеріп отырады. Енді, биыл осы көрсеткіш сәл төмендеп қалды. Дегенмен, бұл жұмыстың нашарлағаны емес, керісінше, олар үздік қызмет түрлерін ысырып тастап, проблемалық қызметтермен жұмыс жасап жатыр. Соның салдарынан xалықтың қызмет сапасына деген қанағаттану көрсеткіші сәл төмендеп отыр. Ең бастысы, осы саладағы жұмыс тоқтап тұрған жоқ. Мәселен, осыдан бірнеше жыл бұрын кәсіпорынды жабу қызметінің машақаты көп болатын. Жемқорлық әрекеттері де шаш-етектен еді. Қазір ол ең үздік қызмет болып саналады", - деп атап көрсетті Жандосова.