Маңғыстау облыстық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін облыстық білім басқармасына басшы болып Асқар Әбиұлы Сейдалиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аймақ басшысы Ералы Тоғжанов облыстың бас ұстазын жиында ресми таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Асқар Сейдалиев 1993-1997 жылдары «Агротехника» кооперативінде, «Қуат» АҚ-да, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бұрғылау жұмыстарының Жетібай басқармасында шебер, бұрғылаушының көмекшісі болып еңбек еткен. 1997 - 2017 жылдар аралығында  Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде оқытушы, жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, ректордың көмекшісі, мұнай және газ институты директорының орынбасары, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, «Мұнай және газ» факультетінің деканы қызметтерін атқарды. Ал 2017 жылдың қазанынан бастап осы уақытқа дейін университеттің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры болды.

Сондай-ақ, 2008 жылы  Қытай мұнай университетінде, 2013-2015 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Colorado School of Mines» университетінде (АҚШ) кәсіби тағылымдамадан өткен. 

«Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен және 2011 жылы Елбасының алғыс хатымен марапатталған. Жетпістен астам монография мен ғылыми мақалалардың авторы. 

Соңғы жаңалықтар