Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының бірі ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшыларының бірі ұсталғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына қатысты COVID-19-дың өңір аумағында таралуына жол бермеу бағытында бөлінген ақша қаражатына медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр», - деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта басшылардың бірі қамауға алынған.

«Бұдан басқа ақпарат заң тәртібіне сәйкес жарияланбайды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар