Маңғыстау облыстық «Нұр Отан» ХДП бастамасымен жарияланған биылғы «2009 жыл - Ана мен бала жылы» қорытындыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Салтанатты жиынға облыстық, қалалық және аудандық әкімшілік өкілдері, «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы басшылары, медицина саласының ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
«Нұр Отан» партиясының бастамасымен жарияланған «2009 -Ана мен бала жылын» қорытындылауға арналған жиында ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында жыл ағымында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жеткен жетістіктер мен алдағы жоспарлар сараланды. Ана мен баланың өлім-жітімін азайту, қан айналым жүйесінің аурулары, қатерлі ісік аурулары, туберкулез сырқатының деңгейі мен денсаулық сақтау индикаторының жалпы динамикасы және сондай-ақ, Маңғыстау облыстық әкімдігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында бекітілген Келісімде көзделген нысаналы-межелі көрсеткіштерге қол жеткізу барысы сөз болды.
Сондай-ақ алдағы «2010 жыл - Дені сау отбасы жылы» деп жарияланды. Шара барысында денсаулық сақтау саласында абыройлы еңбек еткен бір топ дәрігерлер мен медицинаны дамытуға үлес қосып жүрген демеушілер, жанашырлар облыс әкімі мен басқарма бастығы тарапынан марапатталды.