Маңғыстау облысы әкімінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімдігінде кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімінің екі жаңа орынбасары тағайындалды.
None
None

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Руслан Сәкеев тағайындалды. Ол 1978 жылы туған. Екі жоғары білімі (заңгер, қаржыгер) бар. Өзінің еңбек жолын 1999 жылы құқық саласы бойынша оқытушы болып бастады. 2003 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенатында, Заңнама және құқықтық реформалар комитетінде жұмыс істеді. 2003-2007 жылдары - Қарағанды облысының Ішкі саясат департаментінде, ҚР Әділет министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. ҚР Үкіметі жанындағы «ҚазСат» АҚ-да директор, «Альянс банк» АҚ мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры, «ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім беру» жобасы тобының басшысы, әкімнің кеңесшісі болды.

Сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып 1978 жылғы Мақсат Ысқақов тағайындалды. Тарих, құқық негіздері және экономика оқытушысы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алды. Философия, экономикалық ғылымдар докторы, еңбек жолын 2000 жылы ҚР ішкі істер органдарында бастады. Сондай-ақ ҚР Президентінің күзет қызметінде, ҚР ҰҚ комитетінде, ҚР МБҒМ жұмыс істеді. Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Тіл комитетінің төрағасы, ҚР Бас прокурорының аса маңызды тапсырмалар бойынша аға көмекшісі болды.

Соңғы жаңалықтар