21:10, 19 Ақпан 2018 | GMT +5
Маңғыстау облысы мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың шешімімен Сармурзина Пания Оңалбайқызы Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.
Пания Оңалбайқызы 1968 жылы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында дүниеге келген.1992 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласындағы облыстық кітапханада кітапханашы қызметінен бастады.
Облыстық мәдениет басқармасының жетекші маманы (1995-1996); облыстық мәдениет басқармасында бас маманы (1996-2004); облыстық мәдениет басқармасында бөлім бастығы (2004-2007); басқарма бастығының орынбасары 2007-2017) болды.
Ал 2017 жылдың шілдесінен бастап басқарма басшысының міндетін атқарды.