Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында нөсерлі жауынның салдарымен күресіп жатыр (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында нөсерлі жауынның салдарымен күресіп жатыр. Сонымен қатар жиылған суды шығару жұмысы жалғасуда.
None
None

Ауылдық округ аумағындағы жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп, бірнеше бригада ауысым бойынша жұмыс істеп жатыр.

Бастапқыда 87 адам жұмыс істеді, соңғы бірнеше күнде жұмысшылар саны артты. Бүгін 132 адам жұмысқа кірісті. 37 арнайы техника, соның ішінде 8 бойлер, 7 мотопомп, 2 ассенизатор тартылды.

«Атамекен ауылдық округінде жиналған суды шығару жұмыстары 8 наурыздан жүргізіліп жатыр. Күн сайын 100-120 адамнан жұмыс істеуде. Атамекен ауылының 9 көшесінде арықтар және каналдар қазылды. Олардың жалпы ұзындығы 2 километр. Қазіргі уақытта көшелер мен 75 ауладан шамамен 35-40 мың текше метр нөсерлі су шығарылды», - деді Мұнайлы ауданының әкімі Нұрлан Тәжібаев.

Атамекен ауылдық округінің Арай, Болашақ, Көктем, Қаламқас және Туған ел тұрғын үй массивтері су басу қаупі бар аймақта. Бірқатар учаскеде қысқа тұйықталудың алдын алу мақсатында жер астындағы электр сымдарының желісі басқа жерге ауыстырылды. Аудан әкімі басқарған штаб су астында қалған үйлерді аралап жүр.

«Жиылған суды шығару бойынша жұмысты бүгін аяқтамақпыз. Сондай-ақ көшелерге және тұрғын үй аулаларына құм мен ұсақталған тастарды сеуіп жатырмыз. Қазылған каналдарға су өткізу құбырларын орнатудамыз. Нөсерді жауын салдарынан кей жерлерде жер астындағы сулар да шыға бастады. Оны да сыртқа шығарып жатырмыз. Баянды ауылындағы орта мектеп аумағынан су шығару жұмыстары аяқталып келеді. Басқұдықта да осындай жағдай. Елді мекендегі суды шығару жұмыстары аяқталуға жақын», - деп атап өтті Нұрлан Тәжібаев.

null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар