Маңғыстау облысы соттары әкімшісінің жаңа басшысы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Респуликасы Жоғоры соты жанындағы сот қызметін қамтамасыз ету департаментінің (ҚР Жоғарғы соты аппараты) басшысы І.Испановтың 2016 жылғы 28 наурыздағы өкімімен Маңғыстау облысы бойынша сот әкімшісінің басшысы болып Меңді Әнесқызы Епенова тағайындалды, деп хабарлады облыстың сотың баспасөз қызметі.

Маңғыстау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Рахметолла Хайруллин облыстық сот ұжымына Маңғыстау облысы бойынша сот әкімшісінің жаңадан тағайындалған басшысын таныстырды.

Меңді Әнесқызы Епенова 1970 жылы 27 наурызда Маңғыстау облысының Қарақия ауданында туған. 2005 жылы Орталық Азия университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылы аталған университетті  заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1999 жылы «Мұнайшы» ЖШС бухгалтерлік бөлімінің кассирі болып бастады. 2001-2014 жылдары Маңғыстау облысы соттар Әкімшілігінде жоспарлау, есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бухгалтерлік есеп бөлімінің бастығы, қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып жұмыс жасады.

2014 жылғы 3 қазаннан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысы соттар әкімшілігі басшысының орынбасары болып жұмыс жасады.

Облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Р.Хайруллин Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісінің басшысы М.Епеноваға табысты және жемісті жұмыс тіледі. Өз тарапынан Меңді Епенова облыстық сот ұжымын жемісті жұмыс жасау үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына сендірді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram