Маңғыстау облысы туу көрсеткіштері бойынша республикада 1-ші орында

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы бүгін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен биылғы «Ана мен бала жылын» қорытындылаған жиында айтылды.
Биылғы жарияланған Ана мен бала жылы көлемінде жүргізілген жұмыстардың негізінде ҚР Денсаулық сақтау министрі мен облыс әкімі арасында бекітілген Келісіммен көзделген межелі индикаторларға қол жеткізілген.
Атап айтқанда биылғы жылдың қорытындысы бойынша, ана өлім -жітімінің абсолютті саны 2 есеге төмендеген.
Сонымен ана өлім-жітімінің жылдық көрсеткіші 100 000 тірі туылғандарға шаққанда 41,0 -ді құрап, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 47 пайызға төмендеп отыр.
Нәрестелер өлім-жітімінің былтырғы жылдық көрсеткіші 1000 тірі туылғандарға шаққанда 20,8 болса, биылғы жылдың қорытындысы бойынша 20,4 болып отыр.