Маңғыстау облысында 2015 жылы Индустрияландыру картасы бойынша 17 жоба аяқталады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 2015 жылы Индустрияландыру картасы аясында Маңғыстау облысында 104,6 млрд теңгенің 17 жобасын аяқтап, 1,5 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Бұл туралы бүгін брифингте экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Индира Құрман мәлім етті.
None
None

«Негізгі капиталға құйылған инвестиция 47,8 млрд теңгені құрады. Аймақтың инвестициялық тартымдылығын ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуы мен «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын игеру арттырып отыр. Осылайша, 2015 жылы Индустрияландыру картасы аясында 104,6 млрд теңгенің 17 жобасын аяқтап, 1,5 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында бір жоба - құны 370 млн. теңге болатын «КУДУ Индастриес Қазақстан» ЖШС енгізілді. 31 жұмыс орны құрылды», - деді И.Құрман. 2014 жылы АЭА аумағында 4 өндіріс орын ашылды.

Соңғы жаңалықтар