04:30, 01 Сәуір 2015 | GMT +5
Маңғыстау облысында 237 кәсіпорынның 72 мың жұмысшысының құқығы қорғалды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Кәсіпорындардағы жұмысшылардың арасында тұрақтылықты сақтау, олардың құқығын қорғау, оларды себепсіз жұмыстарынан босатпау, жұмыс орындарын сақтау мақсатында Маңғыстау облыстық әкімдігі, Маңғыстау облысының Кәсіподақ кеңесі, Маңғыстау облысындағы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және кәсіпорындардың жетекшілері арасында биылғы жылдың қаңтар айынан бастап өзара әріптестік жайлы меморандумдарға қол қойылды, - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі қ.а Индира Құрман.

«Қазіргі таңда 237 кәсіпорынмен меморандумға қол қойылды, ол жерлерде 72 мың адам жұмыс істейді», - дейді ол.
Бұндай меморандумдар жасасу әлі де жалғасын табады.