Маңғыстау облысында 4190 түлек үшін «Соңғы қоңырау» соғылды (ФОТО)

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жалпы білім беру мектептерінде бүгін 4 190 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды.
None
None

«Ақтау қаласында 1289 жоғары сынып оқушысы, Жаңаөзен қаласында 808 адам, Бейнеу ауданында 584, Қарақия ауданында 306, Маңғыстау ауданында 365, Мұнайлы ауданында 501, ал Түпқараған ауданында 203 оқушы мектеп бітірді. Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттан 87 оқушы, қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатынан 47 түлек түлеп шықты. Барлығы 4 190 адам», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық Білім басқармасының бөлім басшысы Айжақсы Тұржанова. Соңғы қоңырау Ақтау қаласындағы №4 орта мектеп-гимназиясында да соғылды. Биыл гимназия 29 баланы мектеп қабырғасынан шығарып салды. 20-ға жуығы қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. Олар: Павел Мухин, Лаура Аманбаева, Эльмира Азаева, Наталья Степанова. «Соңғы қоғырауда» спорттық және мәдени шараларда да көзге түсіп, гимназияның атын әйгілеген оқушылардың да аты-жөні мақтанышпен айтылды.

Соңғы жаңалықтар