Маңғыстау облысында 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді сал ауруына қарсы егу жұмыстары жүргізіліп жатыр

АҚТАУ. Маусымның 19-ы.ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Маңғыстау облысында 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді сал ауруына қарсы егу жұмыстары жүргізіліп жатыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшіс, Маңғыстау облыстық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментіне сілтеме жасай отырып.

Аталмыш шара бойынша облыс көлемінде полиомиелитке қарсы 74 мың 500 бала егілмекші. 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді вакцинациялау сал ауруының алдын алу мақсатында жүргізілмек. Бұл тұста өңір жұртшылығына жұқпалы ауруға қарсы егу жұмыстары туралы түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Облыстық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті мамандарының айтуынша, күні бүгін көршілес Тәжікстанда 473, Ресейде 5 полиомиелит дерегі тіркелген. Бір қуантарлығы, бұл қауіпті дерт Қазақстанда жоқ, десек те оның алдын алу қажет.

«Барлық жастағы адамдар, әсіресе 15 жасқа дейінгі жеткіншектер шалдығуы мүмкін сал ауруының өзіндік емі жоқ. Уақтылы вакцинациялау ғана бұл індеттен қорғанудың жалғыз жолы», - дейді мамандар.

Көршілес елдердегі полиомиелит ауруының біздің аймаққа тасымалданбауын қадағалау мақсатында мемлекеттік шекараларда орталық бақылау бекеттері жұмыс жасап жатыр. Оларда әуе, темір жолы т.б. қатынастар арқылы өлкемізге келетін жолаушылар тексеріледі.

Соңғы жаңалықтар