Маңғыстау облысында адамды арықтататын қытайлық «Li Da», «Жуйдамин» препараттарының құрамынан есірткі табылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қытайдың адамдарды арықтауға арналған «Li Da», «Жуйдамин» препараттары биологиялық активті қоспа ретінде Қазақстан облыстарының базарлары мен дәріханаларында сатылады.
МО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының полиция майоры Асхат Өрісбаевтың айтуынша, Алматыдағы сараптау орталығына аталмыш препараттардан басқа да арықтауға арналған қытайлық дәрі -дәрмектер тексеруге жіберілген.
«Сараптама нәтижесі әлі бізге келіп жеткен жоқ. Бірақ біздер Ресей Федерациясының есірткі талдауымен айналысатын Федералдық қызметінің арнайы тексерістен өткізген «Li Da», «Жуйдамин» препараттарының нәтижелерін біліп отырғандықтан, бұл жағдайды халыққа жаппай хабарлағанды жөн көрдік», дейді МО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілі Асхат Өрісбаев.
Ақтауда «Li Da», «Жуйдамин» препараттары косметикалық өнім ретінде сертификатсыз сатылып келген.