Маңғыстау облысында автокөлік теңізге құлап кетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында көлік теңізге құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысында автокөлік теңізге құлап кетті

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода таспада көлік жартылай суда тұр. Дегенмен көліктің жанында жүргізуші мен жолаушылар жоқ.

«Бұл оқиға жайында арыз берілген жоқ. Полиция департаментіне немесе кезекші пультіне қоңырау түспеді. Маңғыстау облыстық ауруханасына да түскендер жоқ. Көлік иесі өз күшімен көлікті теңізден шығарып алған», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне.

Оқиға Маңғыстау облысындағы «Қаражанбас» кен орнына жақын маңда болған.