Маңғыстау облысында балықшыдан АК-74 маркалы автомат тәркіленді
Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Бірнеше күн бұрын полицияға аталған азаматтың бекіре тұқымдас балықтарды өндіру бойынша заңсыз шұғылданып жүргендігі жөнінде жедел ақпарат келіп түскен. Бұл ақпаратты тексеру мақсатында прокуратура қызметкерлерімен, ұлттық қауіпсіздік және ҚР ІІМ Әскери-тергеу басқармасымен бірлесе отырып, оқиға орнынан жедел-тергеу тобы жолданды. Үйге жалғасып тұрған ғимараттың қосымша бөлігін тексеру нәтижесінде химиялық қорғануға арналған костюмнің шұлығынан АК-74 автоматы, 5,45 мм калибрлі 75 патроны бар үш оқсауыт, сондай-ақ 5 ау салу қабы табылды»,-деді ресми өкіл.
Сонымен қатар көршілес тұрған қосымша ғимаратты тексеру кезінде 200 келіден аса бекіре тұқымдас балық сақталып тұрған 2 мұздатқыш камера табылды.
Шараны өткізу кезінде үй тұрғындарының, туыстар мен көршілер тарапынан полицияға белсенді күш көрсетілді. Қару иесі күш көрсетудің нәтижесінде оқиға орнынан қашып кеткен. Үш полиция қызметкері түрлі дене жарақаттарын алды.
Қашқынды құрықтау мақсатында «Тосқауыл» атты арнайы жоспар әзірленіп, полицияның күзет орындары ұйымдастырылды. «Қазіргі таңда күдікті қолға түсіп, қару тәркіленіп алынды. Қаруды заңсыз сақтау мен билік өкілдеріне қарсы күш көрсету фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-деді Н. Ораз.