Маңғыстау облысында балықтардың жаппай қырылу себебі анықталуда

«Кеңес қорытындысында өкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерінен тұратын арнайы топ құру жөнінде шешім қабылданды, ол балық ресурстарының өлу себептері мен ауқымын анықтайды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, өкілетті мемлекеттік органдарға қоршаған ортадан (су), өлі балық қалдықтарынан және тірі балықтардан зиянды заттардың сынамасын алып, ластайтын заттарды анықтау үшін талап хат жолданды.
Қоршаған ортаға сынама арқылы қысқа мерзім ішінде құзыретті органдардың мамандары қоршаған ортаға зиянды заттарды зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды шығарады.
Осыған байланысты, өкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері балықтың өлуіне табиғи құбылыс немесе су және қоршаған ортаның температура режимінің қалыпты деңгейден көтерілуі себеп болуы мүмкін деген болжам айтты.
«Су және балық сынамасын зерттеу нәтижесі, өкілетті мемлекеттік органдардың тексеру және тиісті зерттеу қорытындысына байланысты хабарланады», - деп хабарлады прокуратурадан.