14:54, 02 Шілде 2012 | GMT +5
Маңғыстау облысында бір аптаның ішінде 8 жол апаты орын алды, 10 адам зардап шекті
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 24-30 маусым аралығында Маңғыстау облысының жолдарында 10 адам әртүрлі жарақат алған 8 жол-көлік апаты тіркелді.

Бұл туралы Маңғыстау облысы ІІД ЖПБ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілді.