Маңғыстау облысында екі адамның өліміне себепкер болған айыптыға 2 жыл шартты мерзім берілді
Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, Бихотжа Сүндетов бензин тасығыш көлікті жүргізіп келе жатып, жол қиылысында мұнай тиелген құрамды өткізіп жібермей, соқтығысып қалады. Салдарынан жарылыс болып, мұнай толтырылған 20 цистерна төңкеріліп, олардың 17-сі тепловозбен қоса жанып кетті. Көлік ішінде машинист пен оның көмекшісі болған, олар оқиға орнында көз жұмды.
«Мұнайлы аудандық сот үкімімен Бихотжа Сүндетов ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған 2 жыл бас бостандығынан айыру және 2 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарылды. ҚР ҚК 63-бабына сәйкес 2 жыл мерзімге сынақ мерзімімен шартты түрде жаза тағайындалды», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің қызметкері Рустам Нәбиев.
Үкім заңды күшіне енді.