Маңғыстау облысында еңбек ардагерлері мерейтойлық медальдармен марапатталды

АҚТАУ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы әкімдігінде азаматтарды «Маңғыстау облысына 40 жыл» мерейтойлық медальдарымен кезекті марапаттау рәсімі болып өтті.
None
None

Марапатталғандардың көпшілігі - еңбек ардагерлері, олардың арасында экономика, мұнай және аймақтың әлеуметтік саласына айтарлықтай үлес қосқандар да аз емес.

«Ірі кен орындарын игеру жедел қарқынмен дамуда және экономика тұрақты дамуда. Мұның барлығы, бірінші кезекте, өткен ғасырда «қара алтын» өндірген мұнай саласы ардагерлерінің кәсібилігінің арқасында. Сіздер қаламыз бен облысымыздың дамуына қомақты үлес қостыңыздар, сол үшін сіздерге деген алғысымыз шексіз», - деді Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сүйіндік Алдашев.

Соңғы жаңалықтар