Маңғыстау облысында халық санағына дайындық жоспар бойынша жүргізілуде

АҚТАУ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысында халық санағында 47 санақ бөлімі, 242 нұсқаушы-қадағалаушы, 1535 санаушы жұмыс істейтін болады.
None
None
Бүгінде санақ бөлімдерінің меңгерушілері тағайындалып, жұмыстарына кірісіп кетті. Нұсқаушы-қадағалаушылардың да құрамы толық. Олар жұмыстарын ақпанның 2-сінен бастамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Статистика департаментіне сілтеме жасап.«Халық санағына дайындық жоспар бойынша жүруде. Қазір санау жұмыстарымен айналысатын адамдарды жинақтаудамыз. 1535 адамның 900-інің құжаттарын қабылдадық. Осы айдың соңына дейін оларды түгелдей жинақтап, дайын отыратын боламыз. Санақ жұмыстарына адам бөлетін мекемелер мен кәсіпорындарға қызметкерлерінің еңбекақыларын сақтап қалу туралы өтінішпен облыс әкімдігі арқылы шыққанбыз. Солардың жауабын күтудеміз. Әзірге жоспарлық-ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», дейді департаменттің санақ бөлімінің бастығы Шырайлым Бердіқызы.Облыстағы 47 санақ бөлімінің дені мектептерде орналасатын болады.Оларды мәдени орталықтардың ғимараттарында да ашу көзделуде. Әкімшілік аумақ бойынша Ақтау қаласында - 17, Жаңаөзенде ? 11, Бейнеу мен Мұнайлы ауданында ? 5-тен, Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған аудандарында 3-тен санақ бөлімдері болмақ.
Соңғы жаңалықтар