Маңғыстау облысында қатерлі ісік ауруларының көбеюіне байланысты онкүндік жарияланды

АҚТАУ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Облыста қатерлі ісік ауруларына 2007 жылы 1963 адам шалдыққан болса, бұл көрсеткіш өткен жылы 228-ге артқан. Осы орайда аурудың алғашқы белгілерін анықтап, тұрғындар арасында алдын-алу шараларын жүргізу мақсатында ақпанның 2-сі мен 12-сі аралығында онкүндік жарияланды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.Онкүндік кезінде денсаулығын тексерткісі келген кез-келген тұрғын тұрғылықты мекен-жайы бойынша дәрігерлерге қарала алады. Тексеру барысында аурудың қандай да бір белгісі табылған адам облыстық қатерлі ісік диспансеріне жіберіледі. Мамандар онкологиялық ауруды он күн ішінде анықтауға болатынын айтады. Науқасқа дер кезінде көмек берсе, 1-ші және 2-ші сатыдағы бұл аурудан айығып кетуге 90 пайыз мүмкіндік бар. Бүгінде облыста қатерлі ісік ауруларының ішінде қарын ісігі көп кездеседі. Одан кейінгі орындарда сүт безі, өңеш ісігі және тілде, ерінде, жатыр мойынында болатын ісіктер. Облыстық бас ауруханаға күрделі жөндеу жүргізіліп жатқандықтан, мұндағы қатерлі ісік диспансеріндегі 50 орын қысқартылған. Дегенмен науқастардың ем шараларын үзбеуі үшін диспансерде 10 орынға арналған күндізгі бөлім ашылған. Онкүндік аясында ақпанның 6-сында ашық есік күні өтпек. Бұл күні азаматтарға медицинаның барлық санаттары бойынша қызмет көрсетіледі.
Соңғы жаңалықтар