Маңғыстау облысында кен орнындағы өрттен бір адам зардап шекті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы «Бозашы Мұнай» ЖШС-ға қарасты «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнындағы өрттен бір адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Видеодан алынған кадр

«Заман Энерго» ЖШС мердігерлік мекемесінде бұрғылаушының көмекшісі жарақат алды. Ол кеудесінің сол жағындағы 8-қабырғасының жабық сынығы, сол жақ білегінің ІІІ дәрежелі термиялық күйігі диагнозымен ауруханаға жолданған. Тексеруден кейін үйіне жіберіліп, амбулаториялық ем тағайындалды», деді Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, 9 маусым күні «Бозашы Мұнай» ЖШС «Оңтүстік Қаратұрын» мұнай-газ кен орнында 1088 метр тереңдіктен бұрғылау құралының көтерілуі салдарынан өрт тұтанған еді.

Тілсіз жау бүгінге дейін әлі ауыздықталған жоқ.


Соңғы жаңалықтар