Маңғыстау облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бағыттамақ

Құқық қорғау бағытындағы құрылымдарды жөндеуге және орнатуға 2016 жылы 426 миллион теңге бөлу көзделген.
Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының сөзіне қарағанда, бір миллиард теңгеден астамы кезең-кезеңмен материалдық-техникалық қамтуға жұмсалады. Оның ішінде бейнебақылау жүйелерін орнату, арнайы көлікті сатып алу, сонымен бірге қорғаныс құралдары мен техникалық қаруды сатып алу бар.
Аймақтағы мәдениет, спорт және туризмді дамыту үшін 2016 жылы 6,5 миллиард теңге бөлінеді.
- Абаттандыру, көгалдандыру, санитария, елді мекендерді жарықтандыруға 5,7 миллиард теңге бөлу қарастырылды. Соның ішінде Ақтау қаласын тазартуға 859 миллион теңгеден астам, абаттандыру мен көгалдандыруға 597 миллион теңгеден астам қаржы бөлінеді. Қарақия және Мұнайлы аудандарына арнайы техниканы сатып алу үшін 149 миллион теңге, Ақтаудың көпқабатты үйлеріне 35 жеделсаты сатып алу үшін 295 миллион теңге жұмсалады, - деді Шолпан Илмұханбетова.
Ауыл шаруашылығын дамыту мен қоршаған ортаны қорғау үшін 2016 жылы 4,3 миллиард теңге қарастырылды.
Фото: Ольга Ярославская