Маңғыстау облысында көлік жылқыны соғып кетіп, салдарынан 3 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында көлік жылқыны соғып кетіп, салдарынан үш адам зардап шекті, деп жазды «Лада» газеті.
None
None

Құқық қорғау органдарының ақпаратынша, оқыс оқиға Қызылсай-Жаңаөзен автожолында орын алды. 24 жастағы Жаңаөзен тұрғыны достарымен үйіне бара жатқан. Қараңғыда «ВАЗ-2107» көлігі жолдан өтіп бара жатқан жылқыны байқамаған.

Жылқыны соғу салдарынан жүргізуші түрлі бас жарақатымен қалалық аурухананың травматологиялық бөлімшесіне жеткізілді.

Осындай жарақаттармен 23 және 28 жастағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Апат салдарынан жылқы аман қалмады.

Соңғы жаңалықтар