Маңғыстау облысында «МЭБК» АҚ 27 млрд теңгеге электр тарату желілерін жаңғыртады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - «МЭБК» АҚ 5 жылда сомасы 27 млрд теңге болатын инвестициялық жобаларды жүзеге асырады. Бұл туралы компания өкілдері айтты.
None
None

«Облыстағы барлық 57 қосалқы стансаны жаңғырту, бір жаңа стансаны салу, сонымен қатар жаңа ұзындығы 467 шақырым электр тарату желілерін салу жоспарланып отыр. 2015-2019 жылдардағы жалпы инвестициялардың көлемі 27,2 млрд теңге», - деді «МЭБК» АҚ басқарма төрағасының қолданыс бойынша орынбасары - бас инженер Жақсылық Сағымбеков. Оның сөзіне қарағанда, жобаны жүзеге асыру шығындар мен электрқондырғылардың тозуын азайтады, электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады, компанияның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады. Қазір желілердің тозуы шамамен 77% құрайды, трансформаторлық қосалқы стансалар мен қосалқы стансалардың тозуы 67% құрайды. Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырған соң желілер бойынша тозу көрсеткіші 58%-ға дейін, ал электр жабдықтары шағын стансалары бойынша 67% пайыздан 36%-ға дейін азаяды. Тозған жабдықтар электр қондырғыларын өндіретін әлемдегі жетекші компаниялардың - Alstom, Siemens, ABB және Таврида-Электриктің жабдықтарына ауыстырылады. Компания бұл мақсатқа өз қаржысын жұмсайды және бір бөлігін қарызға алмақ. Жиында компания 220кВ Актау-Жаңаөзен электр тарату желілері, «Ақтау-Қаражамбас» жоғары вольтті желісі сынды ірі инвестжобаларды жүзеге асырып жатқаны айтылды. Жобалардың құны - 15,6 млрд теңге.

Соңғы жаңалықтар