Маңғыстау облысында мұнай мен газ өндіру көлемі артуда

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жыл басынан мұнай мен газ өндіру көлемінің артуы байқалды. Бұл туралы бүгін брифингте экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Индира Құрман хабарлады.
None
None

«Ағымдағы жылы қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіптік өнім көлемі 263 млрд теңгені құрады. Тау-кен өнеркәсібінде өсім байқалды. Мұнда көлем индексі 100,3%, және өңдеу өнеркәсібінде 100,2% құрады. Мұндай өсімді мұнай өндірудің артуы қамтамасыз етті. Осылайша, есептік кезеңде өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мұнай 1,2%-ға көбірек өндірілді. Өсім шамамен 3 млн тонна мұнайды құрады», - деді Индира Құрман. Сонымен қатар биыл газ өндірісінде 4,2%, яғни 352,6-дан 367,3 млн текше метрге дейін өсім байқалды.

Соңғы жаңалықтар