Маңғыстау облысында өрт оқиғалары 7 пайызға артқан

АҚТАУ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Өткен жылы облыста 341 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл 2007 жылға қарағанда 7 пайызға көп,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Былтыр 8 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Апатты жағдай салдарынан 12 млн. 184 мың теңгенің шығыны келген. Мамандардың айтуынша, өрттің шығуына себеп болатын жайттар ? электр құралдарын қолдануда техникалық ережелердің сақталмауынан -146 дерек, от жағу бойынша 104, пешті пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан 22 факті тіркелген. Өрт оқиғаларының көбісі, яғни, 47 пайызы тұрғын үй секторында болған. Бүгінде өрттен болатын апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында өндіріс мекемелері мен мұнай компанияларының шаруашылық нысандарында 21 өртке қарсы қызмет бөлімшелері жұмыс істеуде.
Соңғы жаңалықтар