Маңғыстау облысында Өзбекстан азаматының көлігінен 200-дей оқ табылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында Өзбекстан азаматы оқ-дәрілермен ұсталды.
None
None

«Тажен» (қазақстандық-өзбекстандық шекара) шекарааралық автомобильдің өту жолында кедендік бекет пен Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Өзбекстан азаматы жүргізген ВАЗ-2114 көлігін тексеру кезінде қаруға арналған оқ анықталды», - деді Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің ұйымдастыру-қаржылық басқармасының басшысы Мақсат Ақмұратов.

Өзбекстан азаматынан 14 патрон мен 199 оқ табылды. Аталған факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар