20:13, 01 Маусым 2016 | GMT +5
Маңғыстау облысында пойыз қозғалысы тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында Сай-Өтес - Шетпе учаскесінде темір жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» баспасөз қызметінен.

«Ағымдағы жылы 1 маусымда сағат 16:10-да Сай-Өтес - Шетпе учаскесінде нөсер жауыннан кейін су жиналып қалды. Жолды шаю қаупі туындап, пойыз қозғалысы тоқтатылды. Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.