Маңғыстау облысында үйдегі өрт салдарынан екі жасар сәби қаза болды

АСТАНА. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Болашақ стансасындағы екі пәтерлі бір қабатты тұрғын үйден кеше сағат күндізгі 12.15-тер кезінде өрт шықты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Тілсіз жаудың тұтануына газ-ауалы қоспаның шартылы себеп болған, артынша №2 пәтерден өрт шыққан. Өрт сағат 12.46 кезінде ауыздықталды. Жалын 18 шары метр аумақты қамтыған. Оқиға салдарынан 2012 жылы туған К.Қуанышбайдың денесін күйік шалып, ол ауруханаға бара жатқан жолда қаза тапты. Ал 1982 жылы туған азаматша А.Есіркепов пен 2014 жылы туған К.Қуанышбай ауруханаға жатқызылды. Өртті сөндіру жұмыстарына Маңғыстау облыстық «ҚТЖ» АҚ жол бөлімінің 5 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар