Маңғыстау облысында жастарды жұмыспен қамту мақсатында «Жаңа серпiн» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр (ФОТО)

«2014 жылдан Ақтау тренингтік орталық, Маңғыстау энергетикалық колледж және «Ерсай Каспиан Контрактор» ЖШС оқу орталығының базасында Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы ауылдарының еңбекке жарамды жұмыссыз тұрғындарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды. Бүгінде Жаңаөзен қаласының 107 жұмыссыз тұрғыны монтаждаушы, газ-электр дәнекерлеушісі металл құрылымдарын жинақтау бойынша слесарь мамандықтары бойынша тәмамдады. Оқыту үшін 88 млн. теңге жұмсалды. Оларды «АқтауОйлМаш» зауытына жұмысқа орналастыру бойынша шаруа атқарылуда. Алдағы уақытта жастар Ақтау қаласы мен Құрық кентіндегі кәсіпорындарға жұмысқа орналастырылады», - деп атап өтті И. Құрман.
Оның сөзіне қарағанда, оқу кезінде жұмыссыздарға жатақханада орын берілген, шәкіртақы төленіп, жатақханадан оқу орнына дейін тасымалдайтын көлік болған, сонымен қатар оларды тегін тамақпен қамтамасыз еткен.
Сондай-ақ, Жетібай мен Мұнайшы ауылдарының 67 адамнан (жастар) құралған топ «Ерсай КК» ЖШС үшін кадрларды даярлау бағдарламасы бойынша оқу орталығы базасындағы оқуын аяқтағалы жатыр. Олардың оқуы ағымдағы жылы сәуір-мамыр айларында аяқталады. Бұл мақсатқа шамамен 60 млн. теңге жұмсалған.