Маңғыстау облысында жол апатынан алты адам зардап шекті
Бұл туралы «Лада» хабарлады .
ІІД алдын ала деректері бойынша, оқиғаның орын алуына 26 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Opel Veсtra көлігімен соқтығысуға жол берген Lada Priora көлігінің 24 жастағы жүргізушісі кінәлі.
Жол апаты салдарынан Opel Veсtra көлігінің жүргізушісі орташа ауырлықтағы жарақатпен Форт-Шевченко қаласының ауруханасына жеткізілді.
Осы көліктің жолаушысы 27 жастағы бойжеткен ішкі ағзалары зақымданып және басқа да дене жарақаттарымен хирургия бөлімшесіне жатқызылды.
Lada Priora көлігінің жүргізушісі де түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Бұдан басқа осы көліктің үш жолаушысы: 36 және 25 жастағы екі әйел мен 18 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізілді. 25 жастағы әйелдің екі аяғы сынған, басқа екі жолаушының маңдайларында ашық жара, милары шайқалған, т.б. дене жарақаттарын алған.