11:12, 13 Қаңтар 2015 | GMT +5
Маңғыстау облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында болған жол-көлік апатынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті, деп хабарлады Лада.kz жол патрулі қызметіне сілтеме жасап.
«Апат 8 қаңтарда Таушық-Ақтау тас жолында орын алған. «Лада» көлігінің жүргізушісі, Форт-Шевченко қаласының 39 жастағы тұрғыны әйелімен және үш баласымен облыс орталығына бет алған. Жүргізуші қандай да бір себептермен рөлді дұрыс басқара алмай, көлік аударылып қалған»,- делінген хабарламада.
Апат нәтижесінде «Лада» көлігінің жүргізушісі мен оның 10 жастағы қызы алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы - жүргізушінің әйелі мен 4 және 15 жастағы екі баласы ауыр жарақаттанды. Олар ауруханаға жеткізілді.