Маңғыстау облысында жыл басынан бері АИВ вирусын жұқтырған 205 адам анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Маңғыстау облысында АИВ вирусын жұқтырған 205 адам, оның ішінде Ақтаудан -182 оқиға анықталды. Бұл ауруға ұшырағандардың 30 пайызға жуығы - шетелдік азаматтар. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Салтанат Жармаева хабарлады, деп жазады Lada.kz.
None
None

Анықталған 205 оқиғаның басым бөлігі Ақтау қаласында болып отыр. Облыстық АИВ вирусына қарсы күрес орталығында осындай 182 адам анықталды. Соның ішінде екеуі - 14 жасқа дейінгі балалар.

«Ақтауда АИВ вирусын жұқтырғандар 182 оқиғаны құрайды, оның ішінде:  14 жасқа дейінгі екі бала, 15-тен 19 жасқа дейінгі - үш оқиға, 20-29 жастағылар арасында - 81 оқиға, 40-49 жастағылардың ішінде - 25 және 50-59 жастағылар - үш адам болып отыр», - деп атап өтті Салтанат Жармаева.

АИВ індетін жұқтырғандардың 70 пайызы Қазақстан Республикасының азаматтары, 30 пайызға жукығы - шетелдік азаматтар, бір пайыздан төменгілері - азаматтығы жоқ адамдар.   

 «Мұндай аурулар әсіресе ерлер арасында көбірек таралып отыр - 70 пайызға жуығын құрайды. Індеттің тізбегін анықтау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ережелеріне сәйкес тексеру жұмыстары жүргізіледі, инфекция көзі, жұқтыру жолдары анықталады», - дейді Салтанат Жармаева.

Сырқатқа ұшырағандардың негізгі үлесі (72 жағдай немесе 40 пайызы) - жұмыс жасайтын адамдар, 35 пайызы - жұмыссыздар; 12,2 пайызы - сотталғанлдар; 9,3 пайызы - тергеуге тұтқындалғандар, екеуі - әскери қызметкерлер, бір  оқиға студенттер, екеуі - балалар арасында тіркелген.

Оның айтуынша, өңірде АИВ инвекциясының жыныстық жолмен жұқтыру  белең алып келеді. «Бүкіл елдегі сияқты, өңірде де жыныстың жолмен таралуы басым болып отыр. Ол 58,2 пайызды құрайды. Бұрын бізде ауру негізінен  екпе арқылы таралған болса, қазір ол 30 пайыздан азайды. Бұл жастар, студенттер, халық арасында жеткіліксіз жұмыс жүргізілуінің салдары деп ойлаймыз», - деп атап өтті Салтанат Жармаева.  

Соңғы жаңалықтар