Маңғыстау облысының әкімі ҰОС ардагерлерімен және офицерлерімен кездесті

АҚТАУ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының басшысы Бауыржан Мұхаметжанов майдангерлерді мерекемен құттықтап, оларға жайлы өмір мен тыныштық тіледі.
None
None

Шара барысында ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл толуына орай және әскери өтеу кезіндегі мінсіз қызметі үшін Қорғаныс саласының әскери қызметкерлеріне Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаты табысталды. 20 офицерге «ҚР Қарулы күштеріне 20 жыл» мерекелік медалі тапсырылды.

 «Айбынды салтын ел бұзбас, адамдық антын ер бұзбас» деген даналық сөз бар. Отан алдындағы борышты адал атқарып, ерлік пен батырлық үлгісін көрсеткен барша ардагерлерге басымызды иеміз. Сонымен қатар, бейбіт заман да ел қорғап жүрген отан қорғаушыларға да алғысымды білдіремін»,- деді облыс әкімі Б.Мұхамеджанов.

 Марапаттау кезінде Қамқа Үмбеталина, Өтежан Алшымбаев сынды майдангерлер сөз алып, ел тыныштығын тіледі.

Соңғы жаңалықтар