Маңғыстау облысының прокуратурасы аймақтағы мұнай-газ өндіруші мекемелерге айыппұл салды

табиғат қорғау, мұнай, жер қойнауын пайдалану, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы ҚР заңнамаларын сақтау мәселелеріне тексеру жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тексеру барысында мұнай- газ өндіруші мекемелердің көпшілігінде табиғат қорғау, экология туралы заңнамалар талаптарының бұзылу деректері анықталды.
Негізгі заң бұзушылықтар - мұнайдың төгілуі, газдың тиімсіз жағылуы. Бұл аймақтың экологиялық жүйесіне өте жағымсыз әсер етеді.
Атап айтқанда, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның, «Тасболат Ойл Корпорэйшн» ЖШС-інің, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясы филиалының, «СП Арман» ЖШС-інің және басқа да кен орындарында кәсіпкерлік қызметі рұқсатсыз жүргізіліп, соның салдарынан алауларда газдың нормасынан жоғары жағылуы орын алған. Жоғарыда көрсетілген заңдылықты бұзушылық - «Касполмұнай», «Емір Ойл» ЖШС, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Толқыннефтегаз» ЖШС және басқа мекемелер тарапынан да байқалған.
Облыс прокуратурасы құзыретті мемлекеттік органдарға заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныстар енгізіп, жоғарыда көрсетілген ҚР Заңдарын бұзушы кәсіпкерлік субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қойды.
Қаралған прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 20 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылып, 1 млн. теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, мұнай өндіруші мекемелерге 150 млн.теңгеден астам мөлшерде талап қойылды.