16:18, 02 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Маңғыстау облысының прокуратурасы ҚР Конституциясы күніне арналған қайырымдылық шарасын өткізді
АҚТАУ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Маңғыстау облысының прокуратурасы ҚР Конституциясы күніне арналған қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу аясында Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлері Ақтау қаласындағы облыстық Балалар ауылына және Бөбектер үйіне барды.
Қайырымдылық шара негізінде Бөбектер үйінің және Балалар ауылының тәрбиеленушілеріне сыйлықтар - балалар киімдері, спорттық құралдар және тәттілер тарту етілді.
Сонымен қатар, шара өткізу барысында прокуратура қызметкерлері Қарттар үйіндегі ардагерлерге тоңазытқыш сыйлады.
Осындай шараны Жаңаөзен қаласының прокуратурасы қаладағы облыстық балалар үйі тәрбиеленушілері үшін де ұйымдастырды.
Жаңаөзен балалар үйі тәрбиеленушілеріне велосипедтер мен басқа да ойыншықтар сыйға берілді.