17:13, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Маңғыстау облысының санақ учаскелерінде қызу жұмыс жүргізіліп жатыр
АҚТАУ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін таңғы сегізден бастап бүкіл елдегі сияқты Маңғыстау облысында да Ұлттық халық санағы басталып кетті.
Оған қатысып жатқан қызметкерлер, яғни, 47 санақ бөлімінің меңгерушілері, 381 нұсқаушы-бақылаушы және 1535 санаушы облыс бойынша 98 санақ учаскесінде өз жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Статистика департаментіне сілтеме жасап. «Халық санағына мекемелерден, қоғамдық жұмыстардан тартылған немесе жұмыссыз азаматтар қатысуда. Бөлім меңгерушілерінің білімі жоғары, бұрын санаққа қатысқан тәжірибесі бар азаматтар. 47 бөлім меңгерушісінің 17-сі Ақтауда, 11-і Жаңаөзенде, Мұнайлы мен Бейнеу аудандарында ? 5-тен, Қарақия, Түпқараған, Маңғыстау аудандарында ? 3-еуден. Санақ учаскелерінің барлығы да байланыспен, қажетті құрал-жабдықтармен, жарық-жылумен қамтамасыз етілген. Көлікпен жергілікті әкімдіктер қамтамасыз етіп жатыр. Бұған дейін келісілгендей мүдделі органдармен бірлесе жұмыс жасаудамыз», - дейді облыстық Статистика департаменті бастығының орынбасары Шолпан Шақабаева.Ақтау қаласы бойынша 23 санақ учаскесі бар. Олардың 70 пайызы орта білім беретін мектептерде орналастырылған. Облыс орталығындағы санақты 712 адам жүргізуде. Ұлттық науқан Жаңаөзен қаласындағы ? 11, Бейнеу мен Қарақия аудандарындағы ? 15, Маңғыстау ауданындағы ? 12, Мұнайлыдағы ? 6 және Түпқараған ауданындағы ? 16 санақ учаскесінде де ойдағыдай өтіп жатыр. Санақтың алғашқы күнгі қорытынды есебі кешкі сағат 19-дан кейін ғана белгілі болады.