Маңғыстау облысының шатқалында қола дәуірінің бекінісі мен мекені табылды

АҚТАУ: 15 қазан. ҚазАқпарат - Маңғыстау тарихи-мәдени қорығының археологиялық экспедициясы табиғат ескерткіші болып табылатын Түпқарағай ауданының Саура шатқалындағы күзетілетін аймақта қола дәуіріне жататын бекініс пен мекенді анықтады.
None
None

Өлке тарихындағы бұған дейін белгісіз болып келген ежелгі дәйектерді анықтау және археологиялық тұрғыдан бағалы болып табылатын мәліметтерді толық жинақтау мақсатында бекініс қабырғасының қалдықтарын археологиялық зерттеуден өткізіп, кейін оны толығымен қалыпқа келтіру керек. 

«Саура шатқалының аумағында табиғи материалдарды қолдану арқылы ертеде бұзылған қамалдың қабырғасын толығымен қалпына келтіру облыстағы ашық аспан астындағы алғашқы мұражайдың ашылуына септігін тигізеді. Жобаның құны 8,3 млн. теңге шамасында болмақ», - деді Маңғыстау облысы бойынша туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Пахомов.

Соңғы жаңалықтар
Референдум