Маңғыстау облысының тұрғыны жұмысында есірткі саудасымен айналысқан

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғыны өзі жұмыс істейтін автосалонда марихуана сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облысының тұрғыны жұмысында есірткі саудасымен айналысқан

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, 58 жастағы күдікті ер адам ұсталды.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде есірткі салынған бірнеше түйіншекті тапты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін өңірдегі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының 493 фактісін анықтап, есірткі сататын 72 сайтты бұғаттаған. Сондай-ақ, есірткі заттарын сату бойынша интернет ресурстарды жарнамалайтын 40 граффити жойылған.